Астана - 101,4FM

Елордада семсерлесуден «Астана қылышы» турнирі басталды

Елордада семсерлесуден «Астана қылышы» турнирі басталды

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтар, сонымен қатар спорт жанкүйерлері!

Астана қаласының әкімдігі мен «Астана» семсерлесу федерациясы қыркүйектің 23-і мен 28-і аралығында елордадағы «Аспан» спорт кешенінде семсерлесуден 2007 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында «Астана қылышы» республикалық ашық турниріне шақырады.

Шараға Қазақстанның тоғыз облысынан, соның ішінде Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 200-ге жуық жас және дарынды спортшылар келеді.

Турнир мынадай қару түрімен болады:

• Ұлдар және қыздар арасында шпага (сапы) түрімен семсерлесу

• Ұлдар және қыздарға арасында рапира (найза) түрімен семсерлесу

• Ұлдар және қыздар арасында қылыш түрімен семсерлесу

Бұл чемпион атағына таласатын жас спортшыларды тікелей көру мүмкіндігі!

Сізді қуат пен шабытқа толтыратын сайыс пен жеңіс атмосферасын сезінуге шақырамыз.

Сіздерді 23-28 қыркүйек аралығында «Аспан» спорт кешенінде күтеміз. Бұл Сіздерге ұмытылмас мереке болады!


Фото: zakon.kz