Астана - 101,4FM

Maybalyk Estate эко-туристік қалашығының болашағы зор

Maybalyk Estate эко-туристік қалашығының болашағы зор

Құрметті тұрғындар мен қала қонақтары!

Астана қаласының әкімдігі 2023 жылдың 18 қазан күні елордалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы және «Есіл» ауданы әкімінің аппараты Майбалық көлінің солтүстігіндегі «Maybalyk Estate эко-туристік қалашығын» егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша қоғамдық талқылау өткізілетінін хабарлайды.

Талқылау 2023 жылдың 18 қазан күні сағат 11:00-13:00 аралығында Республика даңғылы, 32 үй, 1-қабат мекенжайында өтеді.

Дәлелді пікірлер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей n.galymzhan@astana.kz электрондық поштаға немесе қолма-қол Астана қаласы, Әзербайжан Мамбетов көшесі, 24 үй мекенжайында орналасқан арнайы орында қабылданады.


Фото: gov.kz