Астана - 101,4FM

Үлескер ретінде алданып қалмас үшін не істеу керек

Үлескер ретінде алданып қалмас үшін не істеу керек

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!


Бүгінгі таңда үлескерлердің ақшасын заңды айналып өтіп, заңсыз тарту жағдайлары жиілеп кетті. Заң талаптарын бұза отырып жасалған барлық мәмілелер жарамсыз деп танылады. Олар - алдын ала брондау, резервтеу, инвестициялау келісім-шарттары.

Егер сізбен қолданыстағы заңды айналып өтіп мәміле жасалған жағдайда, Астана қаласы әкімдігі Сіздерді Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9 үй мекенжайы бойынша орналасқан уәкілетті орган «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүгінуіңізді сұрайды.



Фото: egemen.kz