Астана - 101,4FM

Азаматтық қоғам мен медиа саласы өкілдерінің өзара қарым-қатынасының қоғамдағы рөлі

Азаматтық қоғам мен медиа саласы өкілдерінің өзара қарым-қатынасының қоғамдағы рөлі

Астанада «Азаматтық қоғам мен медиа саласы өкілдерінің өзара қарым-қатынасының қоғамдағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.


Жиналғандар азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ, әлеуметтік желілердің жұмысы мен оның қоғамдық келісімге, тұрақтылыққа тигізетін әсерін талқылады.

«Қоғамдық келісім болмаса кесір де көп болады, кесел де көп болады. Сол келісімге жетудің бір жолы осындай шаралар өткізу, қоғамдағы оқиғаларға үн қатып отыру деп білемін. Біздің басылымда азаматтық қоғам өкілдері, олар ұйымдастыратын іс-шараларды жариялап тұрамыз. Дегенмен жыл бойы үздіксіз шығады деп айта алмаймын. Оған өткізіліп тұрған шаралар арқылы БАҚ-қа уақытында хабар жетпеуі де әсер етеді», - деді «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр.


ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, ҚХА республикалық медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов БАҚ-та жарияланатын хабарлардың ұлтаралық қатынасқа ықпалына тоқталды.


Ал Халықаралық журналистика мектебінің Adjunct Assistant профессоры Алма Сайлауқызы ақпарат таратуда абай болу қажеттігін айтты. Себебі жарық көрген хабарлама бүкіл қоғамға әсер ететін жойқын күшке ие.



Сондай-ақ жиында әлеуметтік желінің әсері, ондағы қоғамдық тұрақтылыққа қауіп тудыруы мүмкін түрлі жазбалар туралы айтылды. Қатысушылар қандай да болмасын ақпарат таратқанда алдымен оның қоғамға тигізетін әсеріне мән беру қажеттіне назар аударды.