Астана - 101,4FM

«Үздік педагог-2023»: елорданың бірнеше ұстазы марапатталды

«Үздік педагог-2023»: елорданың бірнеше ұстазы марапатталды

«Үздік педагог-2023» атағын беруге арналған республикалық конкурстың ІІІ кезеңінің қорытындысы бойынша Астананың бірнеше педагогы марапатталды.



ІІІ кезең қорытындысы бойынша «Үздік педагог 2023» республикалық байқауының жеңімпаздары болып келесі елордалық педагогтер анықталды:


- Астана қаласы әкімдігінің «№46 балабақша-мектеп-гимназия кешені» КММ тәрбиешісі Иванова Елена Ивановна;

- Астана қаласының «№8 мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Сексенбаева Серіккүл Аббасқызы;

- Астана қаласындағы «№93 мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даривхан Нұргүл;

- Астана қаласындағы «Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL-мектеп-лицейі» математика пәнінің мұғалімі Төлегенова Салтанат Жеңісханқызы;

- Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» ШЖҚ МКК өндірістік оқыту шебері Тұранов Серік Әбілдаұлы;

- Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі» ШЖҚ МКК өндірістік оқыту шебері Халиди Күнсұлу Амантайқызы.