Астана - 101,4FM

«Астана» радиосына - 25 жыл

«Астана» радиосына - 25 жыл

«Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты "Қазақ радиолары" ЖШС құрамындағы «Астана» радиосы алғаш рет 1999 жылы 19 қаңтарда эфирге шықты. 

Елорданың тұңғыш мемлекеттік жастар радиосы 101.4 FM толқынында тәулігіне 18 сағат хабар таратады. Соның ішінде күн сайын 07:00-19:00 аралығында 10 сағат тікелей эфирде жұмыс істейді.

Радио әуе толқынындағы «Таңғы шоу», «В ритме столицы», «Сәлем, Астана!»,  «Smart қала», «Тұрғын үй»,  «Білім және ғылым», «Афиша» хабарлары арқылы қала тұрғындары үшін қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағарту саладағы күнсайынғы өзекті тақырыптарды көтереді.


2023 жылы «Астана» радиостанциясы музыкалық форматын толығымен өзгертті. Оған дейін радио 16-35 жас аралығындағы тыңдармандарды қамтыса, өткен жылдан бастап 14 пен 50 жас арасындағы аудиторияға сай музыкалық контент ұсына бастады. Әуе толқынында түрлі музыкалық жанрларды қамтитын  «Film music», «Cover time», «Golden hits» хабарлары бар.


Туған күн құтты болсын!!!