Астана - 101,4FM

Астанада ШҚО симфониялық оркестрінің концерті өтті

Астанада ШҚО симфониялық оркестрінің концерті өтті

«Классикалық музыка кеші» концерті «Астана балет» театрында Шығыс Қазақстан облысы әкімі симфониялық оркестрінің бас дирижері Александр Галсановтың басшылық етуімен өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Концерттік бағдарламада қазақстандық және шетелдік белгілі композиторлардың вокалдық, классикалық және аспаптық шығармалары орындалды.

«Бүгін елорда орталығында бірегей классикалық музыка кеші өтті. Онда Шығыс Қазақстан облысының еңбек сіңірген қайраткерлері өздерінің барлық шеберліктерін көрсетті. Бұл концерт симфониялық оркестрдің 20 жылдығына орайластырылып отыр», - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.
Шығармашылық кешке «Ертіс концерт» КМҚК халықаралық және республикалық байқауларының лауреаттары Ботагөз Жұмабекова, Жанат Бисімбаев, Арника Байбусынова, Абай Қайырбек, Дарын Бисаринов, Мәдениет үздігі Айжан Мазкенова, ҚР Мәдениет қайраткері Альмира Нұрғожина, ҚР еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач қатысты.

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты