Астана - 101,4FM

Астанадағы халықаралық турнирге 45 елден жүздеген спортшы келеді

Астанадағы халықаралық турнирге 45 елден жүздеген спортшы келеді

27 қаңтар күні Қазақстан астанасы өз тарихында алғаш рет World Indoor Tour Gold – Astana Amoor meet for Amin Tuyakov Prizes сериясында жеңіл атлетикадан беделді жарыстарды өткізеді, деп хабарлайды qazradio.fm Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

World Indoor Tour Gold әйгілі «Гауһар лига» сериясының аналогы болып саналады және жыл сайын әлемдегі ең мықты спортшылардың басын қосады.

Astana Amoor meet for Amin Tuyakov Prizes аясында жарыстың келесі түрлері жоспарланған:

Ерлер үшін:
60 метрге жүгіру
400 метрге жүгіру
3000 метрге жүгіру
Кедергілермен 60 метрге жүгіру
Сырықпен секіру
Ядро лақтыру

Әйелдер үшін:
Ұзындыққа секіру
Биіктікке секіру
Кедергілермен 60 метрге жүгіру
Бір миль жүгіру
400 метрге жүгіру
60 метрге жүгіру

Жыл сайын world Indoor Tour Gold күнтізбесіне әлемнің жеті қаласы ғана кіреді:

- Астана, Қазақстан (27 қаңтар 2024 ж.)

- Острава, Чехия (30 қаңтар, 2024)

- Бостон, АҚШ (4 ақпан, 2024)

- Торун, Польша (6 ақпан, 2024)

- Льевен, Франция (10 ақпан 2024)

- Нью-Йорк, АҚШ (11 ақпан, 2024)

- Мадрид, Испания (23 ақпан, 2024)

Турнирге елордада 45 елден 136 спортшы жиналады. Айта кетсек, World Athletics талаптарына сәйкес, жүлде қоры әр жарыс бойынша кемінде 7 мың АҚШ долларын құрайды.

World Athletics Indoor Tour – бұл 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жабық жеңіл атлетикадан жыл сайынғы жарыстар сериясы.

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайтынан