Астана - 101,4FM

Шахматтан ел чемпионаты Астана құрамасы үшін сәтті өтті

Шахматтан ел чемпионаты Астана құрамасы үшін сәтті өтті

Қаңтар айының 6-17 аралығында Түркістан қаласында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 20 құрама команда, 800 спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында астаналық спортшылар да бар.

18 жасқа дейінгі қыздар арасында топ жарып, жеңімпаз атанған Алтынбек Айару «алтын» жүлдеге ие болды. Ол небәрі 12 жаста бола тұра, өзінен біршама жасқа үлкен қарсыластарынан қаймықпай жеңіске жетті.

Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі юниорлар арасында басым болған елордалық спортшылар Сатбек Ахмединов, Нұрлыхан Құдайберген, Бексұлтан Молдағали, Ернұр Амангелді «алтын» жүлдеге ие болды.

Алда астаналық 5 бірдей спортшы Бразилия мемлекетінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Ал Диана Тыныштык пен Тимур Кенбеилов «күміс» жүлдені қанжығаға байлады.

Оған қоса, Ясмина Алеманова мен Алдияр Жауынбай қала құрамасына «қола» жүлде алып келді.

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайтынан