Астана - 101,4FM

Астанадағы бизнес орталықтар жанындағы ақылы тұрақтар жабылмайды

Астанадағы бизнес орталықтар жанындағы ақылы тұрақтар жабылмайды

Астана әкімдігі қаладағы бизнес орталықтар жанында ашылған ақылы тұрақтарды жабуды жоспарлап отырған жоқ.

Бұған дейін елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің кәсіпкерлермен кездесуінде бизнес-орталықтардың кейбір иесі нысан жанындағы ақылы көлік тұрақтары келушілер легіне теріс ықпал ететіндігін айтып, шағым жасаған. Осыдан кейін елорда әкімдігі бизнес орталықтар аумағындағы ақылы тұрақтарды жабу мәселесі қарастырылатындығын мәлімдеген еді. 

«Кейбір бизнес орталықтардың жанындағы тұрақтарға қатысты өзгерістер жоспарланып отырған жоқ», - деп жауап берді әкімдіктен.


Дегенмен, әкімдік мәліметінше, өткен жылдың қарашасында «Астана автотұрақ кеңістігі» ЖШС-іне қаланың әлеуметтік нысандары аумағындағы ақылы тұрақтарды алып тастау туралы тапсырма берілген. Соның нәтижесінде мына учаскелердегі ақылы тұрақтар жойылды:



Сәкен Сейфуллин көшесі, 21, 28 үй аумағы;

Республика даңғылы, 40 үй аймағы;

Әліби Жангелдин көшесі, 28 үй аймағы;

Абай даңғылы, 19 үй аймағы;

Ықылас Дүкенұлы, 32 үй аймағы;

Дінмұхамед Қонаев көшесі, 33/1 үй аймағы;

Талғат Бигелдинов көшесі, 6А үй аймағы;

Мұхтар Әуезов көшесі, 9 үй аймағы.



Фото: astana-akshamy.kz