Астана - 101,4FM

Астана әкімдігі 1 млрд-тан астам теңгеге 12 жер учаскесін сатып алмақ

Астана әкімдігі 1 млрд-тан астам теңгеге 12 жер учаскесін сатып алмақ

Жаңа көшелер салу және абаттандыру мақсатында елорда әкімдігі 12 жер учаскесін сатып алуды жоспарлауда. Бұл туралы Астана қаласы тұрғын үй және тұрғын инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Сайыпов мәлім етті.


«Мәслихат сессиясының қарауына 1 млрд 311 млн теңге сомасында жалпы ауданы 0,106 гектар жерді, 8 объекті бойынша 12 жер учаскесін сатып алу жөніндегі шарт жобасын ұсынады», - деді Әнуар Сайыпов елода мәслихатының кезектен тыс отырысында.


Қалалық тұрғын үй және тұрғын инспекциясы басқармасы келесі объектілерді сатып алмақ:


1. Иманов көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін (Асан қайғы көшесін салуға);

2. Шара Жиенқұлова көшесінен Асан қайғы көшесіне дейін (Биші қайың көшесін салуға);

3. Биші қайың көшесінен Ә.Жангелдин көшесіне дейін (Сырдария көшесін салуға);

4. Керей және Жәнібек хандар көшелерінен Ұлы дала даңғылына дейінгі (№37 көшесін салу);

5. Ш. Жиенқұлова көшесі маңындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру;

6. Иманов көшесінен Тархан көшесіне дейінгі учаскеде (Асан қайғы көшесін салу);

7. Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшесінің қиылысында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу;

8. №А 20 көше маңында орамішілік жолдар мен инженерлік желілер салу.



Фото: egemen.kz