Астана - 101,4FM

Елорданың тұрғын алабында жаңа аула клубы ашылды

Елорданың тұрғын алабында жаңа аула клубы ашылды

“Көктал” тұрғын алабында жаңа балалар аула клубы ашылды. Онда шығыс жекпе-жегі, каратэ, шахмат бойынша сабақтар өтеді.

Кейін шығармашылық үйірмелер, соның ішінде домбырада ойнау бойынша үйірмелер ашылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


Аула клубтарының негізгі қызметі жасөспірімдерді бұқаралық спортқа, шығармашылық үйірмелерге тартуға, өмірлік қажетті дағдыларды үйретуге бағытталған.


"Салтанатты жағдайда біз "Талғат" аула клубын ашамыз. Бұл - осы ауданда тұратын балалар үшін маңызды оқиға. Мемлекет елорданың шеткі аймақтарында бұқаралық спортты дамыту үшін барлық шараларды қабылдауда. Жалпы, қаланың бес ауданында осыны ескере отырып, 20 аула клубы жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Бұған дейін “Көкталдан” келген балалар Сарыарқа ауданының көрші клубтарына барып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік алған. Бірақ көптен бері клуб ашу қажеттілігі туындады. Өйткені тұрғындардан балалардың үйге жақын жерде спортпен шұғылдануы үшін көптеген өтініш болды, - деп атап өтті Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, тұрғындардың әлеуметтік осал топтарынан, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін сабақтарды кәсіби жаттықтырушылар тегін жүргізеді.


Клуб Сұлукөл көшесі,18 мекенжайында орналасқан.