Автобус картасының теңгерімі бұдан былай онлайн түрде бірден толтырылады
Елордада қоғамдық көлік картасының теңгерімін бұдан былай онлайн түрде бірден толтыруға болады. Бұл туралы CTS мәлім етті.
Бұған дейін көлік картасының теңгерімін қашықтан толтырғанда төлем 24 сағат аралығында өңделетін еді. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайсыздық тудыратын. Avtobys.kz жаңа төлем жүйесіне көшу аясында төлем бірден түсетін болды.
Теңгерімді толтырғаннан кейін немесе таңдалған тарифті сатып алған соң төлемді белсендіру қажет. Төлемді кез келген қоғамдық көлік бағдарында белсендіруге болады. Ол үшін көлік картасын автобустағы планшетке 2-3 секунд тигізіп, ұстап тұру керек.
Айта кетсек, төлемді белсендіру кезінде жол ақысын төлеу қатар жүргізіледі. Төлемдерді белсендіру кезінде осы ақпаратты ескерген жөн.
Фото: inbusiness.kz