Астана - 101,4FM

Елордалық балуан еркін күрестен ел чемпионы атанды

Елордалық балуан еркін күрестен ел чемпионы атанды

Астана қаласында күрес түрлерінен өткен ел чемпионаты мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні еркін күрестен 5 салмақта 144 балуан боз кілемге шықты.


Еркін күрестің соңғы күнінде 79 және 97 келі салмақта өнер көрсеткен Астана қаласының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтар болсақ, Азамат Өміржанов (79кг) алтыннан алқа тақса, 97 салмақтағы Бекзат Үркімбай қола жүлдегер атанды. Нәтижесінде Астана қаласының спортшылары 1 алтын, 1 қола жүлдеге ие болды.


Енді жарыстың жеңімпаздары сәуір айында Бішкек қаласында өтетін Азия құрлығының лицензиялық жарысында Париж Олимпиадасының жолдамасын сарапқа салады.