Астана - 101,4FM

Астанада тәулік бойы жұмыс істейтін жарақат пунктері қайда орналасқан

Астанада тәулік бойы жұмыс істейтін жарақат пунктері қайда орналасқан

Ауа райының нашарлауына байланысты елордалық жарақат пунктері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ересек адамдар мына жарақат пунктерінде қабылданады:

  • Р. Қошқарбаев даңғылы, 66 (№1 көпсалалы қалалық аурухана);
  • Ә.Молдағұлова көшесі, 28 (№3 көпсалалы қалалық аурухана).
  • Абылай хан даңғылы, 15 (Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы).


Балалар жарақат пунктері келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:

  • Р.Қошқарбаев даңғылы, 64 (№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы);
  •  Желтоқсан көшесі, 34 (№2 қалалық емхана).


Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын өте сақ болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Жарақат алмау үшін дәрігерлер ыңғайлы, табаны жалпақ аяқ киім киюге, сондай-ақ әсіресе балалар мен зейнет жасындағы тұрғындарға үйден шықпауға кеңес береді.

Жарақат алған жағдайда дереу медициналық көмек көрсету пунктеріне хабарласу қажет.