Астана - 101,4FM

Елордада ересектер арасында қызылша өршіп тұр

Елордада ересектер арасында қызылша өршіп тұр

Елордада қызылшамен сырқаттанғандардың 68 пайызы ауруға қарсы екпе алмаған. Бұл жайында Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.


«Елордада қызылша ауруының тіркелуі әлі де жалғасуда. Қаңтар айының басынан бастап елордада қызылшаның 1 890 бастапқы және 532 расталған жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 381 жағдай. Елордада инфекцияның таралуын қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдар жалғастыруда. Сырқаттанғандардың 68 пайызын осы кісілер құрайды», - деді ол Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Оның дерегінше, желтоқсан айымен салыстырғанда балалар арасында сырқаттанушылықтың бір жасқа дейін, бір жас және 2 жастағы балалар арасында төмендеуі байқалады.


Фото: Pixabay