Астана - 101,4FM

Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар қалай жүргізіліп жатыр

Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар қалай жүргізіліп жатыр

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram папқшасында су тасқынына қарсы іс-шаралар қалай жүргізіліп жатқаны туралы мәлім етті.


«Қалада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 15,5 мың текше метрге жуық арық-науа желісі, 600-ге жуық бақылау және жаңбыр қабылдау құдығы тазартылды, 160 текше метр коллекторлар және т.б. жуылды. Коммуналдық қызметтер шамамен 4,3 млн текше метр қар шығарды.

Қалада су тасқыны қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 20-ға дейін азайды. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер және т.б. тұрақты дайындыққа келтірілді.


Су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендерде қарды уақытылы күреуді бақылауға алуды, су өткізгіш құбырларды тазалауды, нөсер кәрізінің жүйесін салуға ерекше назар аударуды тапсырдым»,
– деп жазды Жеңіс Қасымбек.