Астана - 101,4FM

Елордалық боксшы Санжар Тәшкенбай күміс жүлдегер атанды

Елордалық боксшы Санжар Тәшкенбай күміс жүлдегер атанды

Болгария астанасы Софияда өткен кіші әлем чемпионаты саналатын бокстан «Странджа Кубогы» мәресіне жетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


Байрақты бәсекеде 51 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Санжар Тәшкенбай финалдық жекпе-жекте үндістандық қарсыласы Амитке жол беріп, күміс жүлдегер атанды.


Ол бұған дейін жартылай финалда өзбекстандық Асылбек Жалиловпен кездесіп, оны 3:2 есебі


Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама боксшылары 3 медальды ел қордынына салды.