Астана - 101,4FM

Астанада қар тазалауға 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты

Астанада қар тазалауға 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты

Елорданың коммуналдық қызмет мамандары тәулік бойы жұмысын күшейтілген режимде жалғастыруда. Күн сайын қар тазалауға 2,5 мыңға дейін жұмысшы шығады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

26 ақпан күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмыстарына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 314 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. 25 ақпаннан 26 ақпанға қараған түні елордадан 2,2 мың рейс, 29 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қыс басынан бері полигондарға 288 мың ауыр жүк көлеміне тең 5,2 млн текше метрден астам қар жеткізілді.

Сондай-ақ, қала тұрғындарының қозғалысы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.