Астана - 101,4FM

Астанада актерлер арасында қазақ күресінен «Театр барысы» турнирі өтеді

Астанада актерлер арасында қазақ күресінен «Театр барысы» турнирі өтеді

Астанада Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 28 ақпан күні сағат 14:00-де қазақ күресінен театрлар арасында II республикалық «Театр барысы» турнирі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.


Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен театр және кино актерлері қатысады.


Айта кетейік, көрермендер мен жанкүйерлер үшін кіру тегін.