Астана - 101,4FM

Инфрақұрылым озық қарқынмен дамуға тиіс - Олжас Бектенов

Инфрақұрылым озық қарқынмен дамуға тиіс - Олжас Бектенов

Астана тұрғындары судан таршылық көрмеу үшін №4 сорғы-сүзгі станциясы салынады. Бұл елорда халқының 2035 жылға дейінгі қажеттілігін өтейді. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек Үкімет басшысы Олжас Бектеновке осылай деп есеп берді.

Премьер-Министр бас шаһардағы бірқатар инфрақұрылымдық, әлеуметтік және спорт нысанын аралап көрді. «Интернациональный» тұрғын алабындағы №3 жаңа сорғы-сүзгі станциясының жұмысымен танысты. Қалада Үкіметтің қолдауымен бірқатар жаңа нысан құрылысы аяқталғаны айтылды. Оның ішінде үшінші жылу электр орталығы бар. Олжас Бектенов 2 мың орынға арналған жайлы мектеп құрылысының барысымен танысты. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында пайдаланылатын нысандарды жөндеу жұмыстарын тексерді.