Астана - 101,4FM

Елордадан бір түнде 23 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елордадан бір түнде 23 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елордада қарқынды қар тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Коммуналдық қызмет тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Таңертең қар тазалауға 2,1 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты.

Қалалық әкімдіктің ресми сайтының хабарлауынша, 4 наурыз күні таңертең қала бойынша қар тазалау бойынша 2,1 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмыс істеуде.

3 наурыздан 4 наурызға қараған түні қаладан 1,88 мың ауыр жүк көлеміне тең 23,4 мың текше метрден астам қар шығарылған.

Қыс басынан бері қаладан полигондарға 423,2 мың рейс, 5,7 млн текше метр қар шығарылды.