Астана - 101,4FM

Астанада конкурдан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді

Астанада конкурдан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді

Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласында ат спортының конкур түрінен қыздар арасында ашық біріншілік өтеді.

Астана қалалық спорт басқармасы мәлім еткендей, еліміздің түкпір-түкпірінен келген бұрымдылар 8 наурыз күні «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды.


Олар сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түседі.

  • №1 маршрут «Ашық класс санаты»
  • №2 маршрут «Жастар санаты»
  • №3 маршрут «Әуесқойлар санаты»
  • № 4 маршрут «4 жасар жас жылқылар санаты»
  • №5 маршрут «5 жасар жас жылқылар санаты»
  • №6 маршрут «6 жасар жас жылқылар санаты»

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 6 млн теңге. Спорттық іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.


Жарыс сағат 10:00-де «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде басталады (Қарқаралы тас жолы, 1., қала маңындағы №№303, 309, 320, 323 маршруттар қатынайды).


Фото: gov.kz