Астана - 101,4FM

Астанада грек-рим күресінен жастар арасында халықаралық турнир өтеді

Астанада грек-рим күресінен жастар арасында халықаралық турнир өтеді

Елордада 11-13 наурыз күндері грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасында халықаралық турнир өтеді.

Халықаралық турнир Олимпиада және Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналады.

«Турнирге Қазақстан, Бельгия, Әзербайжан, Хорватия, Қырғызстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Украина және Тәжікстан балуандар қатысады. Беделді бәсекеде бозкілем шеберлері 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97 және 130 келі салмақта сынға түседі», — деп мәлім етті Қазақстан күрес түрлері федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжолов.

Дүбірлі дода биыл төртінші мәрте жалауын көтереді.



Дереккөз: inform.kz