Астана - 101,4FM

Елордада жасөспірімдер арасында тұңғыш рет футболдан халықаралық жарыс өтеді

Елордада жасөспірімдер арасында тұңғыш рет футболдан халықаралық жарыс өтеді

22-25 наурыз күндері Астанада 2013 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан тұңғыш рет халықаралық «Astana CUP» жарысы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Жарысқа «Астана», «Ақтөбе», «Ақсу», «Оқжетпес», «Тараз» футбол командаларының жас өрендерімен бірге мәскеулік «Спартак», ташкенттік «Бунедкор» және бішкектің «Дордой» командалары қатысады.


Іс-шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, басқа мемлекеттердің белді футбол академияларымен қарым-қатынасты нығайту, талантты жас футболшылардың шеберліктерін шыңдау.


Халықаралық жарыс Астана қаласы әкімдігінің, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, N8 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен өтеді.