Астана - 101,4FM

Қонаев көшесі арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі 5 сәуірден бастап жабылады

Қонаев көшесі арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі 5 сәуірден бастап жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Елорда ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Қонаев көшесі арқылы "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің жабылғаны туралы хабарлайды.


Жаяу жүргіншілер көпірін реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты осы жылдың 5 сәуірінен бастап бұл көпір бойынша жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады, сондай-ақ демонтаждау жұмыстары кезеңінде Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылатын болады.

Маршруттардың қозғалыс сызбаларын өзгерту туралы "City Transportation Systems" ЖШС ресми сайтында (cts.gov.kz), Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

Сонымен қатар биыл елордада жалпы ұзындығы 60 км болатын 50-ден астам көшеге жөндеу жүргізу жоспарлануда:


- Тәшенев көшесі Республика даңғылынан Амман көшесіне дейін;

- Б. Момышұлы даңғылы Тәуелсіздік даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейін;

- Қ. Мұнайтпасов көшесі Тәуелсіздік даңғылынан М. Жұмабаев көшесіне дейін;

- Тілендиев даңғылы Қ. Күмісбеков көшесінен Ақан сері көшесіне дейін

- Тұран даңғылы Керей Жәнібек хандар көшесінен Жұлдыз айналымына дейін (2023 жылы Тұран даңғылы бойынша Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде жол жұмыстары жүргізілді);

- Кенесары көшесі Е. Брусиловский көшесінен А. Сембинов көшесіне дейін;

- Сарайшық көшесі Түркістан көшесінен Тұран даңғылына дейін;

- Сарыарқа даңғылы Т. Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін;

- Қараөткел көпірі Көлік айрығынан Қабанбай батыр даңғылына дейін және т. б.


Сондай-ақ қаланың 200 көшесінде шұңқырларды жөндеу және жол белгілерін қою жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Сонымен қатар қаланың бірқатар көшелерінде табылған ақауларға байланысты осы учаскелерге жауапты мердігер ұйымдар кепілдік міндеттемелеріне сәйкес, жол төсеміндегі кемшіліктерді жоятынын еске саламыз. Бұл көшелер:


1. Еңлік Кебек көшесі Сұлтан Бейбарыс көшесінен Болашақ көшесіне дейін - "РЕКМА КЗ" ЖШС;

2. Жетіген көшесі А. Пушкин көшесінен Ж. Досмұхамедұлы көшесіне дейін - "Сотис групп" ЖШС;

3. А. Иманов көшесі А. Янушкевич көшесінен Ш. Уәлиханов көшесіне дейін - "Айя Сервис" ЖШС;

4. Алаш тас жолы жол өтпесінен Жолымбет көшесіне дейін - "Айя Сервис" ЖШС;

5. Жеңіс даңғылы Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін - "Сотис групп" ЖШС;

6. Р. Қошқарбаев даңғылы Қордай көшесінен М. Төлебаев көшесіне дейін - "Сотис групп" ЖШС;

7. Мәңгілік Ел даңғылы М1 көпірінен Бұқар жырау көшесіне дейін - "Компания Энергодор" ЖШС;

8. Қабанбай батыр даңғылы Сарайшық көшесінен Қорғалжын тас жолына дейін - "Сотис групп" ЖШС.


Мұндай тәжірибе мердігерлер сапасыз жұмысты қайта жасаған кезде белсенді қолданылады.

Сонымен қатар 20-дан астам ірі нысанды іске асыру жоспарлануда. Олардың бір бөлігі биыл аяқталады, бір бөлігі – құрылысты жалғастыру, сондай-ақ жаңа құрылыс басталады.

Қала инфрақұрылымын жаңарту жоспары елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.