Астананың түбіндегі Талапкер ауылында каналды су шайып кетті
![Астананың түбіндегі Талапкер ауылында каналды су шайып кетті](https://cdn.qazradio.fm/2024/4/5/1712293815570.jpg?w=750&format=jpg)
Целиноград және Шортанды аудандарының аумағындағы егістіктен еріген қар суының үлкен көлемде ағып келуі салдарынан Талапкер елді мекеніндегі су бұру каналының учаскесін су шайып кетті.
«Қазіргі кезде ТЖМ күш-құралдары су бұру каналының бұзылған тұсын құм салынған қаптармен нығайтып жатыр. Ауыл тұрғындарынан тыныштықты сақтауды және құтқарушылардың нұсқауын орындауды сұраймыз», - делінген ҚР ТЖМ мәліметінде.