Аcтанада аутизм тақырыбында халықаралық конференция өтті
Астанада Назарбаев Университетінде «Шектеуден тыс: Аутизм жолындағы мүмкіндіктерді кеңейту» атты аутизмге арналған Халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияға инклюзивті білім беру және оңалту саласындағы АҚШ, Франция, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің сарапшылары қатысты. Ұйымдастырушы – «Болашақ» корпоративтік қоры.
Конференцияның мақсаты – аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, диагностикалау және аутизм бар балаларды қолдау саласындағы тәжірибе алмасу және озық практикаларды үйрету, сондай-ақ аутизм бар балаларды қоғамға қосу және олардың дамуына және өз қабілеттерін шыңдауда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бойынша бастамаларды ілгерілету.
Ресми деректерге сәйкес Қазақстанда аутизм спектрінің бұзылуы бар 16 700 бала тұрады. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының деректері бойынша әрбір 36-шы балаға және 45-ші ересек адамға аутизм диагнозы қойылған.
Конференцияға қатысу үшін 150-ден астам ата-ана және 900 маман тіркелді. Қазақстанның 6 қаласынан, сондай-ақ Өзбекістан мен Қырғызстаннан шамамен 820 адам конференция тыңдаушысы болды. Шараның онлайн көрсетілімін 250 адам тамашалады. Олардың арасында: АВА-терапистер, мемлекеттік және жеке білім беру және медициналық орталықтардың басшылары, ЕДШ, БДШ инструкторлары, әдіскерлер, әлеуметтік қызметкерлер, бастауыш сынып мұғалімдері, тәрбиешілер, логопедтер, дефектологтар, ассистент-педагогтар, инклюзивті білім беру үйлестірушілері, кураторлар, супервизорлар, жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, резидент дәрігерлер, невропатологтар, психиатрлар, балалар психиатрлары, нейропсихологтар, нарколог-дәрігерлер, реабилитологтар, сенсорлық терапевттер, сурдопедагогтар, нутрициологтар, олигофренопедагогтар, эрготерапевттер, студенттер.