Астана - 101,4FM

Астанадан Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберілді

Астанадан Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жіберілді

Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді. «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалынан Батыс Қазақстан облысына 20 тоннадан астам кезекті гуманитарлық көмек жөнелтілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

«Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға «AMANAT» партиясының әр облыстағы филиалы өзінің шама-шарқынша көмектесіп жатыр. Мәжіліс депутаттары, партияның белді азаматтары, «Жастар рухы» жастар қанатының қыз-жігіттері ел арасында жүр. Әрқайсысы өз деңгейінде тиісті шараларды қабылдап, азаматтардың иығына түскен ауырпалықты қатар еңсеріп келеді», - дейді «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.

Жүк көлігіне тұрмыстық және гигиеналық заттар, моторлы қайық, қап, күрек, су, етік және тағы басқа қажет заттар тиелді. Гуманитарлық көмек жинау жалғасып жатыр.