Астана - 101,4FM

Елордада ең романтикалық бақ пайда болды

Елордада ең романтикалық бақ пайда болды

Елордада жас жұбайлар алаңы пайда болды. Оның ашылу салтанатында бірнеше жас жұбай ресми түрде неке қидырып, ескерткіш ретінде ағаштар отырғызды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, Астананың барлық ерлі-зайыптыларының осындай мүмкіндігі бар.


«Бұл алаң ерлі-зайыптылар балаларын осында әкеліп, бір кездері өз қолдарымен отырғызған ағаштарын көрсетуі үшін ұрпақтар сабақтастығының символына айналуы керек. Бұл акцияның тағы бір тұсы, менің ойымша, мұнда ағаш отырғызған адамдар бұл қалаға ешқашан зиян тигізбейді. Сондай-ақ олар өз отбасыларында қарым-қатынас орнатады»,
- деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.

Шараға 50 жылдық мерейтойын тойлаған жұбайлар Марат Тоқсанбаев пен Күләш Асқарова да шақырылды. Олар акцияға қатысушыларды құттықтап, ақ батасын берді.

Жас жұбайлар бақытты күнді еске алып, шаңыраққа құлыптар мен ленталар ілу үшін саябаққа киіз үй де орнатылды.

Алаңның ашылу салтанатында барлығы 5 жұп шаңырақ көтерді.