Астана - 101,4FM

Елордада Кенесары жайлы тарихи романның тұсауы кесілді

Елордада Кенесары жайлы тарихи романның тұсауы кесілді

Елордада Astana Eurasian Book Fair 2024 халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әділбек Ыбырайымұлының «Семсер жүзіндегі серт» тарихи роман-трилогиясының таныстырылымы өтті.

Бұл үш томдық «Арланның азуы», «Серт» және «Рух» деп аталатын көлемді үш кітаптан тұрады. Тарихи туынды қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының өмірі мен ерлік істері туралы сыр шертеді.

Жаңа шығарма «Фолиант» баспасынан жарық көрген.