Астана - 101,4FM

Астанада тағы 7 көшеде автобус жолағы пайда болады

Астанада тағы 7 көшеде автобус жолағы пайда болады

Астананың 7 көшесінде жалпы ұзындығы 58,6 км Bus Lane қоғамдық көлігі үшін бөлінген жолақтарды енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.

Алдағы уақытта арнайы жолақтар Мәңгілік ел, Тұран, Ұлы Дала, Қошқарбаев, Тәуелсіздік даңғылдары мен Керей Жәнібек хандар, Айтматов көшелеріне салынады.

Бөлінген жолақтарды енгізу мерзімі мамыр айының соңынан бастап хабарланады. Бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартады. Мәселен, 18 минуттан 12 минутқа дейін.

Сондай-ақ, автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 км/сағ-тан 19 км/сағ-қа дейін арттыруға ықпал етеді.