Астана - 101,4FM

Астаналықтар аналарын төл мерекесімен құттықтады

Астаналықтар аналарын төл мерекесімен құттықтады

Мамырдың екінші жексенбісінде дәстүрлі түрде аталып өтетін Аналар күніне орай елордада балаларға раушан гүлдері таратылды. Олар өз кезегінде гүлдерді аналарына сыйлады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бұл акцияны тұрғындар да қолдап, аналарына қоңырау шалып, сүйіспеншіліктерін жеткізді.

"Осы маңызды мерекеде біз күн сайын орасан зор жұмыс істеп, балаларды тәрбиелейтін және бірнеше рөлді көтеріп жүрген аналарды қуантқымыз келді. Балалар - біздің болашағымыз және олардың тұлға ретінде қалыптасуы негізінен, біріншіден, аналарға байланысты. Бұл шара - әйелдерге үздіксіз жұмысы үшін алғыс айтудың амалы!"
- деп атап өтті Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.