Елордада18 мамыр күні дәстүрлі "Run for Autism" қайырымдылық жарысы өтеді
Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 18 мамырда Триатлон паркінде өтетін дәстүрлі "Run for Autism" қайырымдылық жарысына қатысуға шақырамыз.
Жарыс 8:00-де басталады.
Жарыс 4 қашықтық бойынша өткізіледі: 1 км, 2,5 км, 5 км, 10 км.
Түскен қаражат «Әрбір бала мектепке лайық» жобасы аясында аутизмі бар балаларды қолдауға жұмсалады.
Қатысушылар арасында ұтыс ойындары өткізіледі.
Толығырақ @runforautismkz Instagram парақшасында