Елорда прокуратурасы: Жолда балаңызға абай болыңыз!
Назар аударыңыз, құрметті ата-аналар!
Елорда прокуратурасы балаңыздың қауіпсіздігі үшін жол ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Әрқашан балаларды көлікке арналған орындыққа отырғызып, қауіпсіздік белдігін тағыңыз және олардың жолдағы әрекетін қадағалаңыз.
Есіңізде болсын, балаларды жолда қауіпсіз жүруге үйрету сізден басталады. Біз бірлесе отырып, көптеген қайғылы апаттардың алдын алып, балаларымыздың өмірін сақтай аламыз.
Балаларыңызға қамқорлық жасаңыз-жол қозғалысының жауапты қатысушылары болыңыз.