Елордада оқушы бес жасар баланы құтқарып қалды
Астанада 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов ерлік жасап, бес жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде №31 мектеп-гимназиясының 7Д сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы оқиғаның алдын алды. 20 мамырда Ақан үйдің ауласында ойнап жүргенде балалар оған жүгініп, 4-қабаттың балкон қоршауына ілініп тұрған баланы байқағанын айтқан.
Ол бірден кіреберіске жүгіріп барып, 4-қабатқа жетіп, бес жасар баланы аман алып қалды.
Көпбалалы отбасынан шыққан Ақан егер қажет болса, алдағы уақытта оның іні-қарындастарына да көмектеседі деп үміттенетінін айтады.