Астана - 101,4FM

Астана қаласында түнгі автобустар іске қосылады

Астана қаласында түнгі автобустар іске қосылады

Жаз мезгілінің басталуымен, қаланы одан да ыңғайлы және қолжетімді ету үшін түнгі № 201, 202, 203 бағдарларын іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда тұрғындары мен қонақтары енді түнгі уақыттарда, сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін қалада оңай әрі жайлы қозғала алатын болады.

Түнгі бағдарлар қаланың негізгі аудандарын қамтып, негізгі көлік хабтарын байланыстырады.