Астана - 101,4FM

Астанада сурдо дзюдодан ел чемпионаты өтті

Астанада сурдо дзюдодан ел чемпионаты өтті

Астанада 31 мамыр мен 2 маусым аралығында сурдо дзюдодан ел чемпионаты өтті.

Чемпионатқа еліміздің 15 өңірінен (Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Жамбыл, Абай, Маңғыстау, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлордар, Жетісу, Қостанай облыстары) 100-ге жуық спортшы тотамиде сынға түсті.


Жарыс нәтижесі бойынша елорда құрамасы 2 алтын, 2 қола медаль иеленіп, жалпы командалық 3-орынды алды.


Жарыс нәтижесі төмендегідей:

Алтын медаль: Сабыржан Хапиозов (+100 кг);
Алтын медаль: Әмина Файзуллина (70 кг);
Қола медаль: Григорий Бысыкатов (60 кг);
Қола медаль: Айнұр Есмағамбетова (- 57 кг).


Фото: gov.kz