Астана - 101,4FM

Ұлы Дала даңғылының учаскесі жөндеуге уақытша жабылады

Ұлы Дала даңғылының учаскесі жөндеуге уақытша жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылынан Жошы хан көшесіне дейінгі учаскеде Ұлы Дала даңғылында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 24-25 маусым күндері жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады, оның ішінде Ұлы Дала даңғылы - А.Бөкейхан көшесінің қиылысы.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.