Астана қаласы әкімдігі заңсыз құрлысқа үлескер болмауға шақырды
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Бүгінгі таңда қолданыстағы заңды айналып өтіп, үлескерлердің ақшасын заңсыз тарту жағдайлары жиілеп кетті. Заң талаптарын бұза отырып жасалған барлық мәмілелер жарамсыз деп танылады. Олар – алдын ала брондау, резервтеу, инвестициялау келісім-шарттары.
Егер сізбен қолданыстағы заңды айналып өтіп мәміле жасалған жағдайда, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 9 мекенжайы бойынша орналасқан “Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ уәкілетті органына жүгінуіңізді сұраймыз.
Фото: zastroyshiki-astaniy.6md.ru