Астана - 101,4FM

Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін өткізеді

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін өткізетінін хабарлады. Әнші әлеуметтік желіде жанкүйерлерін концертке шақырып, бейнеүндеу жариялады.

«Құрметті достар! Дүйсенбі, 22 шілдеде Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін STRANGER атты жеке концертіне билеттер сатылымға шығады. Шоу 13 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді», - делінген хабарламада.


Фото: sputnik.kz