Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада бес этноауыл ашылды
Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 5 этноауыл ашылды, олар «Қазанат» ипподромы, «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» паркі, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумағында орналасқан.
Этноауылдар аумағында киіз үйлер орнатылып, онда қолөнершілер жасаған ұлттық кәдесыйлар сатылады. Шатырларда ұлттық тағамдар (ірімшік, жент, тары, талқан, құрт және т.б.) және сусындар (қымыз, шұбат) бар. Сонымен қатар, этноауылдар аумағында концерттік бағдарламалар мен спорттық іс-шаралар өтіп жатыр,
Сондай-ақ, фотоаймақтар жұмыс істейді, әрі Қазақстанның көшпелі мұрасына арналған картиналар сатылымы ұйымдастырылды.
Этноауылдар келесі орындарда орналасқан:
Есіл ауданының аумағында «Бәйтерек» монументінің алаңында этноауыл ашылды. Ол сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
Алматы ауданында этноауыл «Қазақ елі» монументінің жанында орналасқан. Ол 10.00-ден бастап ашылады және 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
Байқоңыр ауданының аумағында этноауыл «Ататүрік» саябағында ашылды. Этноауыл сағат 15.00-ден 20.00-ге дейін ашық.
Нұра ауданының аумағында этноауыл орталық саябақта ашылды. Сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Этноауыл «Қазақстан күні» монументінен (сағаты бар монумент) субұрқаққа дейін. Аллея бойымен өтіп бара жатып, тұрғындар мен қонақтар түрлі ұлттық ойындарға қатысып, өздерінің күші мен ептілігін тексере алады.
Әр кеш сайын сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін этноауылға келушілер эстрада жұлдыздарының қатысуымен концертті тамашалай алады. Концерттік бағдарламаға мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің шығармашылық ұжымдары мен солистері, сондай-ақ белгілі өнер қайраткерлері мен отандық эстрада жұлдыздары қатысады.
10 гектар аумақта «Қазанат» ипподромының жанында «Көшпенділер Әлемі» этноауылы ашылды.
Этноауыл 7-13 қыркүйек аралығында сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.
Этноауыл бірнеше орынға бөлінген: орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этникалық қоныстары, қолөнершілері және Шығыс базары бар арнайы қалашық.
Этноауыл аумағында көптеген кәдесыйлар алуға болатын Шығыс базары ұйымдастырылған. Еліміздің екі жүзден астам қолөнершісі өз өнімдерін ұсынады.
Этноауылдарға кіру және бару тегін. Ал Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық жарыстарына билет бойынша кіруге болады.