Астананың айналма жолы екі аптаға жабылады
Елорданың айналма жолында көлік қозғалысына тыйым салынады.
Орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Р-10 «Астана айналма жолы» автожолының 30-36 шақырымы учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылады. Бұл жайында ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясынан хабарланды.
Акционерлік қоғам таратқан мәліметке сенсек, 2024 жылғы 14 қыркүйектен 1 қазанға дейінгі аралықта «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 30-36 шақырымы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.