Астана - 101,4FM

Астанада жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталмақ

Астанада жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталмақ

Өтінімдер 23 қыркүйекте сағат 09:00-ден 7 қазанда сағат 18:00-ге дейін birge.astana.kz  электрон порталы арқылы қабылданады.

"Көпбалалы отбасылар" санаты үшін 223 пәтер (оның ішінде 69 пәтер - өткен кезеңнің көлемі), "жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты үшін — 154 пәтер, "Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаты үшін — 458 пәтер қарастырылған.

Пәтерлер сатып алу құқығынсыз жалға беріледі.

Толық ақпаратты Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ресми сайтынан алуға болады.


Фото: egemen.kz