Астана - 101,4FM

Астанада жылу беріле бастады

Астанада жылу беріле бастады

Елордада 139 әлеуметтік нысанға жылу беріле бастады, оның қатарында мектептер, балабақшалар мен емханалар бар.  

Әкімдіктің ескертуінше, қаладағы жылу маусымына әзірлік пен оны жүргізу талаптарына сәйкес елордадағы тұрғын үйлерге жылу беру даладағы  ауа температурасының тәулік бойы орташа көрсеткіші бес күн қатарынан +10 °С және одан төмен болса ғана басталады.  

«Алайда әлеуметтік нысандарды қосу олардың өтінімі бойынша жылу маусымына дейін жүргізіледі. Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылу жүйесіне 139 әлеуметтік нысан (мектептер, балабақшалар, емханалар) қосылды», - делінген әкімдіктің хабарламасында.


Фото: qazaqstan.tv