Астана - 101,4FM

Бүгін - Радио күні

Бүгін - Радио күні

Елімізде радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталған. Осы тарихи негізді алға тартып Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды "Радио қызметкерлері" күні деп жариялауды ұсынған еді.

Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы – еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі. Ұлттық арна республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралас аймақтарына жетеді. Сондай-ақ, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады. Серіктесікке қарасты «Астана» радиосы – ақпаратты-музыкалық радиостанция. Ең алғаш 1999 жылы 19 қаңтарда  101.4 FM толқынында эфирге шықты. «Classic» радиосы - Қазақстандағы алғашқы және жалғыз классикалық музыкалық радиоарнасы, ол 2011 жылғы 6 маусымда Алматыда 102.8 FM-де эфирге шығуды бастады.