Астана - 101,4FM

Елордалық гимнасттар Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

Елордалық гимнасттар Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды

Турнирде Гонконг, Үндістан, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Сингапур және Жапонияның мықты командалары арасында 6 медаль жиынтығы сарапқы салынды.

Астанадан барған гимнасттар үш жас санатындағы жүлдегерлер тұғырына көтерілді.

"Эстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасы Азия чемпионатында елімізді лайықты таныстырды. Спортшылар өздеріне жүктелген міндеттерді орындады. Мұндай нәтижелерге қазақстандық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының жоспарлы жұмысының арқасында қол жеткізілді. Жаттықтырушылар мен хореографтардың кәсіби жұмысын атап өткен жөн. Балаларға деген сенімі, көмегі мен қолдауы үшін гимнасттардың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз", - деп атап өтті эстетикалық топтық гимнастика бойынша бас жаттықтырушы Венера Жайлауова.


Фото: baq.kz