Астана - 101,4FM

Астанада Есіл өзенінен өтетін LRT көпірі салынып бітті

Астанада Есіл өзенінен өтетін LRT көпірі салынып бітті

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, көпірдің ұзындығы – 155 метр, ені – 14 метр, биіктігі – 28 метр.

Құрылымның төменгі жағында LRT көлігі өтетін жолағы бар арка түрінде жасалған.

«Жол төсемі темірбетон тақтасы бар арқалық тор түрінде жасалған. Көпір Есіл өзені үстіндегі қолданыстағы автокөпірдің жанында орналасқан. Бұл жаңа нысанды қала инфрақұрылымына кедергісіз салуға мүмкіндік береді. Құрылым су деңгейінің және аймақтың климаттық жағдайындағы ықтимал өзгерістерге төтеп беру үшін өзеннің ерекшеліктерін ескере отырып жобаланған»,
- делінген хабарламада.