Астанада жыл соңына дейін 9 мектеп ашылады

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында осылай жазды.
Елордада қыркүйек айында 15 мектеп ашылған, оның тоғызы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілген.
«Жыл соңына дейін тағы 9 мектеп ашамыз, оның сегізі – ұлттық жоба аясында. Бұл оқу орындары 4 мектептегі үш ауысымды жойып, 3 мектептегі оқушы санын азайтуға мүмкіндік береді», деді қала әкімі.
Келесі жылы тағы 20-дан астам мектепті пайдалануға беру жоспарланған.