Шырқа, даусым
«Шырқа, даусым». Бүгін осындай атаумен Республика күніне орай, Елордадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде дәстүрлі ән байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды ояту. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен бұл сайыста домбыраның құлағында ойнап, қазақы әндерді күмбірлете шырқайтын жас таланттар бақ сынасты. Байрақты бәсекедегі бас жүлдені Ғарифолла Құрманғалиевтің "Әнші даусы" әнін шырқаған жезтаңдай оқушы Атымтай Аружан қанжығалады.